Ресми интернет - ресурсқа қош келдіңіз
Кіру
AA+
xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Ресми интернет - ресурсқа қош келдіңіз
"№ 4 "Самал" бөбекжайы" ЖБҚ МКҚК
Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімі

№4 Самал бөбекжайы сыбайлас жемқорлықпен күрестің халықаралық күніне орай 2023-2024 оқу жылына арналған  іс-шаралар жұмыс жоспары бойынша «Сыбайлас жемқорлықты болдырмау» атты ұжымға ақпарат берілді.Ұжыммен жиналысқа қамқоршылық кеңесінің мүшесі Тилеумаганбетова Акбобек Ногаевна қатысты. Бөбекжай медбикесі Онгарова Жулдыз Андреевна сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу,оның алдын алу, заңды білу, заң талаптарын сақтау керектігі туралы түсінік берді.

№4 «Самал» бөбекжайында «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты апталығында қызметкерлермен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Мақсаты: Қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерін дағдыландыру;

Сыбайлас жемқорлыққа әкеп соғатын себептер мен жағдайларды жою;

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу;

Саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой-пікірлерімен санасуға жағдай жасау, Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.