Маңғыстау облысы білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№4 «Самал» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында 31.05.2023 жылы №5 педагогикалық кеңесте Тамыз кеңесі аясында және «Білім күні» мерекесіне орай педагогтерді марапаттау үшін марапаттардың түрлері мен санымен таныстырып,марапатқа педагогтер кандидатурасын ұсыну сұралды.
Педагогикалық ұжым мекеме басшысы Ожахаева Айтбиби Бакеновнаның жас ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі мол,тәжірибесі озық,жаңашыл басшы-әдіскер екені рас.
Айтбиби Бакеновна өз ісінің шебері, білікті де талапшыл тұлға.Өзінің атқарып келе жатқан еңбек жолының қиындығына қарамастан қашанда өз қызметкерлеріне жанашыр,өмірден алған түсінігі мол дара жан. Ожахаева Айтбиби Бакеновнаның кандидатурасы Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрінің Құрмет грамотасымен марапатталуға №4 «Самал» бөбекжайының педагогикалық кеңесінде талқыланып,ұсынылды.(31.05.2023ж. №5 хаттамасы).
Маңғыстау облысының білім басқармасы:
https://www.facebook.com/mangystauedukz?mibextid=ZbWKwL
Жаңаөзен білім бөлімі:
https://www.facebook.com/zhanaozen.bilimbolimi?mibextid=ZbWKwL
Жаңаөзен «№4 «Самал» бөбекжайы»:
https://www.facebook.com/profile.php?id=100081934775488&mibextid=ZbWKwL