Мамыр айының 27 жұлдызы күні «№4 «Самал» бөбекжайында» №5 «Ақсұңқар»және №6 «Ақкөгершін» МАД топтарында «Қош бол, балабақша!» тақырыбында мерекелік шара ұйымдастырылды. Мерекелік шараны топ тәрбиешілері Айдана Бекібайқызы, Аккенже Абдешқызы, Алтын Толыбекқызы және Дидар Нурпеисқызы жүргізді. Мерекелік шараға ата - аналар қатысып, балаларының жетістіктерін тамашалап мәре - сәре болды. Шара соңында бөбекжай директоры Айтбиби Бәкеновна ата - аналарды және бөбекжай түлектерін мерекелік қуаныштарымен құттықтады. Болашақ оқушыларға сәт сапар тілеп,дипломдар және де ата аналарды алғыс хаттармен марапаттады. Мерекелік шара өте әсерлі, әрі қызықты өтті. Сәт сапар,жас түлек!