«№4 «Самал» бөбекжайы педагогтері мектепке дейінгі мен оқытудың жаңа үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу мақсатында жайлы және қауіпсіз жағдай жасап, дамытушы заттық кеңістік ортаны құрып, оқу-тәрбие жұмыстарын ойын арқылы өткізуді жалғастыруда.
Қаңтардың 16-20 аралығында топ тәрбиешілері сюжетті-рольдік ойындар барысында «Мен» бейнесін тәрбиелеуге болатынына көздері жетті.Тәрбиешілер «Көкөністер» дүкені, «Сән салоны», «Отбасы», «Дәріхана», «Дәрігер», »Мектеп»сюжетті-рольдік ойындарын өткізді.Балалар өз еркімен ойын атрибуттарын, костюмдерін таңдап, педагогтің жетекшілігімен әр мамандық роліне ене біліп, оны асқан қызығушылықпен орындай білді.Соның ішінде, ата, әже, ана, әке, бала, немере, мұғалім, дәрігер рольдерін мазмұнды сомдай білді.Ойын барысында диалог көп қолданылып, балалардың сөздік қоры молайып, анық және толық өз ойларын айтуға, бір-біріне қамқорлық көрсетіп, сыпайы болуға үйренді.Самал бөбекжайының педагогтерінің шығармашылықтары шыңдала берсін!!!