№4 «Самал» бөбекжайының мамандары мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының міндеттерін орындау мақсатында тәжірибе алмасу жұмыстарын жалғастыруда.Желтоқсан айының 8 жұлдызында №2 ортаңғы тобының тәрбиешісі,жас маман Таджигулова Амангул Амантурлиқызы балалардан геометриялық пішіндерге ұқсайтын нәрселерді тауып, ататып,ажыратып үйретті.Сонымен қатар,ұлттық жәдігерлер:жүк сандық,шәй сандық,киіз,қалқан,тостаған,астау сынды заттардың қандай пішінге ұқсайтынын сұрай отырып,жаңа сөздермен таныстырып,сөздік жұмыс жүргізді.Балалар ұмыт болып бара жатырған қазынамызбен танысып,жадында көп нәрсені сақтауға үйренді.
№6 МАД тобында дене тәрбиесі нұсқаушысы,жас маман Нурлыбаева Бибигуль Каражановна дене шынықтыру іс-әрекетін ұлттық нақышта жасалған құралдарды қолдану арқылы өткізді.Балалар «Адай» күйінің ырғағымен қамшымен жаттығу орындады.Балалар беліне қазақи үлгідегі белбеу тағып,онымен жан-жақты дамытушы жаттығулар,асықпен негізгі қимыл орындап,іс-әрекет соңында балаларға белсенділігі үшін медальдер сыйлыққа берді. «Самал» бөбекжай ұжымына шығармашылық табыс тілейміз!