Ресми интернет - ресурсқа қош келдіңіз
Кіру
AA+
xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Ресми интернет - ресурсқа қош келдіңіз
"№ 4 "Самал" бөбекжайы" ЖБҚ МКҚК
Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімі

Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес ұйымдастырылатын іс-әрекеттерді жаңа үлгіде, яғни ойын түрінде өткізуді жалғастыруда. Педагогтер өзара тәжірибе алмасып, бір-бірінің шығармашылығымен бөлісуде. Бүгін Байгасиева Алмагул Довлетняровна балалармен бауырсақтың ұнын елеу, илеу оның ашуы, жазылуы және майда қуырылуын имитация жасап көрсетті. Балалар аса қызығушылықпен жаттығуды орындады. Үйшіктен шыққан түлкінің тапсырмасын орындап, ата-әженің бауырсағын табуға көмектесті. Ұйымдастырылған іс-әрекет өте әсерлі өтті. №2 топ тәрбиешісі жас маман Доштаева Тенге Байниязқызы күзбен қоштасу, яғни «Күздің бізге берген сыйы» атты дидактикалық ойынын өткізіп және тамшуырды (пипетка) қолдану арқылы жапырақтарды әртүрлі түске бояды. Балалар түлкі ренжіткен кірпіге көмектесіп, балаларға кірпі рахметін айтып қуанды. Іс-әрекетте қолданылған көрнекі, үлестірмелі құралдар эстетикалық талғаммен жасақталған. Осыдан жас маманның талғампаздығының жоғары екені байқалды, ұйымдастырылған іс-әрекеті әсерлі өтті. Бөбекжай педагог-психологі Табылдиева Қазына Дуйсенғалиқызы №6 МАД тобында «Ұлттық мәдениеті-бала тәрбиесінде» атты семинар-тренинг өткізді. Тренингте интерактивтік тақта, түтікше, қобдиша, ламинарлы суреттер қолданды. Тренингті шаттық шеңберінен бастап, «Не жоғалды?» ойынымен жалғасты. Ойын барысында қазақтың ұлттық бас киімдерін ататып үйретті. Баланың сөйлеу қабілеті мен демалуын дамыту мақсатында түтікшені үрлей отырып, торсықтарды ыдыстарға орналастырды. Бұл ойыннан кейін «Ақсерек-көксерек» сергіту сәті өткізіліп, балалардың көңіл-күйі көтерілді. Бұл ойыннан кейін, балалар екі топқа бөлініп, екі тайқазанға наурыз көженің құрамындағы тағамдарды салып, атап үйренді. Бейне-роликтен наурыз көженің дайындауды көрсетті. Екі топ балалары арқар, қошқар ою-өрнектеріне ермексаз арқылы үрмебұршақтармен безендірді. Педагог-психологінің ұйымдастырылған іс-әрекеті өте жақсы деп бағаланды. «Самал» бөбекжайының педагогтерінің жұмыстарына шығармашылық табыс тілейміз!