№4 «Самал» бөбекжайында «Ұлт қазынасы-тәрбие негізі» тақырыбында қалалық семинар өтті.Семинарға қаладағы мемлекеттік,жеке бөбекжай педагогтері қатысты. Семинар барысында бөбекжай басшысы Ожахаева Айтбиби Бакеновна «Тәрбеленушілердің жеке тұлғасын жан-жақты дамыту жолдары» атты бейнебаян көрсетті.Бейнебаянда бөбекжайдың үлгілік оқу бағдарламасына сай оқу-тәрбие жұмыстарын өткізетіні туралы көрсетті.Қалалық «Үздік тәрбиеші-2023» байқауының жеңімпазы, педагог-модератор Д.Н.Убинова «Адасқан сандар», «Қоржын», «Ағаш үйдің бауларын салыстыр», «Торсық пен кеселер», « Пішіндер құрастыру», «Балауыз сиқыры» атты дидактикалық ойындар ойнады. К.А.Толыбековна «4 саны және оның құрылымымен таныстыру жолдары» тақырыбында панорамалық сабақ түрінде көрсетті. №5 ересектер тобының тәрбиешісі Қалалық «Үздік педагог-2023» байқауының жеңімпазы, Жылкыбаева Аккенже Абдешовна “ «Алқа» дайындап, бау өткізу арқылы қоржын тігіп, қуыршақтың шашын өріп, қазақтың ұлттық әшекейі «Шашбау тағамыз», «Торсық», «Бешбармақ», «Сырмақ басу», «Көрпе құрастыру» ойын-жаттығуларын өткізді.
А.Д.Байгасиева «Сиқырлы гүл», «Судағы керемет» тәжірибелерін және «Қазтабан» ауруын алдын- алу мақсатында өкшемен,табанның басымен, табанның сыртқы ішкі жақтары мен табанмен жүру арқылы түрлі жаттығулар өткізу туралы айтып өтті. Бөбекжай педагог-психологі облыстық «Үздік педагог-психолог-2023» байқауының 2 орын жүлдегері Қ.Д.Табылдиева педагогтермен тренинг-жаттығу ұйымдастырды
Қалалық семинар соңында Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөліміне қарасты оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Бердібекова Айгерім Бердібекқызы өткен семинарға «Өте жоғары» деген баға беріп,ұйымдастырылған іс-әрекет өткізген педагогтардың барлығына сертификат табыстады.
Өз білімімен,мол тәжірибесімен, авторлық бағдарламаларымен бөлісіп,әдістемелік нұсқау берген, педагогтерді осындай деңгейге жеткізген бөбекжайымыздың басшысы Ожахаева Айтбиби Бакеновнаға алғысымыз шексіз!