2022 жылдың қараша айының 24 жұлдызында №5 ересек тобының тәжірибелі тәрбиешісі Жылкыбаева Аккенже Абдешовна қазақ халқының ұлттық құндылықтарымен дидактикалық,топтық ойындар арқылы әдемі таныстыра білді.Іс-әрекет барысында эстетикалық талғаммен жасақталған құралдарды ұтымды қолданды. Ұмыт болып бара жатырған «Жадағай» киімін балалармен бірге әсемдей отырып,жаңа сөзді неше мәрте қайталатып отырып,бала жадына түсіндірді.Қойдың жіліктерінің ішінен асықты жілік туралы ойын арқылы мәлімет бере отырып,түрлі-түсті боялған асықтардан геометриялық пішіндер құрастырды.Ұлттық аспаптарды да дидактикалық ойын барысында ататып үйретті.№6 МАД тобының озат тәрбиешісі Калбаева Алтын Толыбековна сөйлеуді дамыту іс-әрекетінде көрнекі құралдар арқылы тартымды халқының атадан қалған асыл мұрасымен ойындар арқылы таныстырды. «Дастархан мәзірі» дидактикалық ойын барысында ұлттық тағамдарды ататып үйретті. Сонымен қатар, отбасылық құндылықтарды да ойын арқылы бала бойына дарыта білді.Алдын-ала дайындалған материалдарды экраннан балалармен бірге қарастырып,өздеріне отбасы туралы әңгіме құрғызды.Тәрбиеші отбасы мүшелеріне сыйлық дайындау үшін қолөнер ұйымдастырды. Ер балалар атасы мен әкесіне-қамшы өрсе,қыз балалар әжесі мен анасына- алқа жасады. Іс-әрекет арасында «Қара Жорға» әнінің әуенімен «Досыңды немесе жұбыңды тап» ойнын ойнату арқылы балалардың көңілін көтере де білді.