Ресми интернет - ресурсқа қош келдіңіз
Кіру
AA+
xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Ресми интернет - ресурсқа қош келдіңіз
"№ 4 "Самал" бөбекжайы" ЖБҚ МКҚК
Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімі

2022 жылдың қараша айының 23 жұлдызында биылғы жылғы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы өзгерістер мен басым бағыттарын назарда ұстай отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды оқу-бағдарламасының міндеттерін игеру мақсатында оқу-тәрбие жұмыстарын жан-жақты өткізу үшін бөбекжайдың педагогикалық ұжымы үлкен ізденіс үстінде.Олар тәрбиеленушілерге саналы тәрбие мен сапалы білім беру үшін іс-әрекеттерді көрсету, іс-тәжірибелермен бөлісу арқылы ғана қол жеткізетінін түсінді.Сондықтан,тәжірибелі ұстаздар жас мамандарға кіріктірілген іс-әрекетті балалармен ойын түрінде өткізу методикасын көрсетуді жөн көрді.Бұл жұмыстарды бөбекжаймыздың тәжірибелі басшысы,әдіскер-ұстаз Ожахаева Аитбиби Бакеновна ұйымдастырып, арнайы жоспар, кесте құрып, педагогтерге жеке- жеке кеңесін беріп,әдістемелік көмек беруде.Сонымен қатар, баланы дамыту мүйістерін орнату жолдары туралы да айтып өтіп,ол мүйістерде бөбекжайда жасақталуда.Бөбекжайымыздың тәжірибелі ұстаздары Лукпанова Кумис Беккалиевна,Кудайбергенова Лаззат Койшибаевна,Ещан Айдана Бекибайқызы,Убинова Дидар Нурпеисовна жас мамандар балаларға педагогтің өз түсіндіруіне көп уақыт бөлмей,балаларды шаршатпай,жалықтырмай,түсіндіруді балалардан өз бетінше ой елегінен өткізіп,сұрақтарға жауап табуына,қолмен жасап,зерттеп,шешім шығаруына мүмкіндік беру арқылы ғана нәтижеге жететіндерін түсінді. Кудайбергенова Лаззат Койшибаевна «Жеміс-жидек,көкөністерді бір-бірінен ажырат және ата!» атты дидактикалық ойын, «Жемістер айтысы» сахналық қойылымы арқылы бала бойындағы барлық дағдыларды дарыта білді. Ещан Айдана Бекибайқызы жаңа технологияны ұтымды қолдану арқылы өз міндеттерін шеше алды. Лукпанова Кумис Беккалиевна балалардың ой-өрісін «Табиғат әлеміне саяхат» ұйымдастыру арқылы кеңейтті. Убинова Дидар Нурпеисовна МАД тобында Сауат ашу негіздері бойынша ұйымдастырылған іс-әрекетінде ойын-жаттығу түрінде өткізе отырып,балаға жан-жақты білім бере алды.