Ресми интернет - ресурсқа қош келдіңіз
Кіру
AA+
xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Ресми интернет - ресурсқа қош келдіңіз
"№ 4 "Самал" бөбекжайы" ЖБҚ МКҚК
Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімі

№4 «Самал» бөбекжайында 01.03.2023 жылы мерекеге орай жасақталған арнайы жоспар бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды.Бөбекжай басшысы А.Б.Ожахаева ұжымды,ата-аналарды,тәрбиеленушілерді құттықтады.

Барлық топта мерекеге арналған іс-әрекеттер ұйымдастырылды.Бөбекжай Қ.Д.Табылдиева «Ризашылық пен алғыс» атты тренинг-жаттығу өткізіп,ол өте әсерлі болды.

Бөбекжай қызметкерлері қуанып, бір-біріне әдемі жүрек жарды тілектерін айтып,мерекемен құттықтады. №1 «Балапан» ортаңғы тобының тәрбиешісі Р.Н.Боқанова «Алғыспенен ел көгерер!», №2 «Ақшағала» ортаңғы тобының тәрбиешісі А.Д.Таджигулова «Алғыс айту-парызым!», №4 «Аққу» ересектер тобының тәрбиешісі К.Б.Лукпанова «1 Наурыз-Алғыс айту күні» атты ертеңгіліктер өткізді.Ата-аналар да,ұжым мүшелері де,тәрбиеленушілер де мәз-мейрам болды.Барлық топ балалары әр ұжым мүшесіне барып,құттықтап,қолдан жасалған жүрекшелерді сыйлық ретінде табыс етті. Тәрбиешілер экран арқылы көрсеткен ата-аналардың,балалардың құттықтау бейнероликтері керемет сый тарту болды. Таңертен кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Т.Калбаева ұжым мүшелерін,ата-аналарды әдемі әуенмен, шарлармен, күтіп алып,әр қайсысына жүрекше сыйлады. Бөбекжай басшысы А.Б.Ожахаева өзінің жүрек жарды құттықтауын ата-аналар чатына жіберіп,кері байланыс алды.Бөбекжай ұжымы бұл мерекені де әдемі ұйымдастыра білді.