Ресми интернет - ресурсқа қош келдіңіз
Кіру
AA+
xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Ресми интернет - ресурсқа қош келдіңіз
"№ 4 "Самал" бөбекжайы" ЖБҚ МКҚК
Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімі

№4 «Самал» бөбекжайында татулықтың, сыйластықтың белгісі 14 – наурыз «Амал» немесе «Көрісу» күні – қазақ халқының ертеден келе жатқан мерекесіне орай арнайы жасақталған жоспар бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды.Елдің ырыс-ынтымағын арттыратын мейрамда бөбекжайымыздың басшысы Ожахаева Айтбиби Бакеновна және кәсіподақ ұйымы Бисенова Лаура Муратбаевна Наурыз мерекесіне орай ұжымды,ата-аналарды,тәрбиеленушілерді құттықтады.Наурыз айының 14 мен 20-шы жұлдызы аралығында кесте бойынша барлық топта «Сәлем саған Наурыз!»,»Армысың,Наурыз!», «Қош келдің,әз Наурыз» ,»Мерекелі,берекелі Наурыз!»,»Наурыз-жыл басы»,»Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!» атты ертеңгіліктер ұйымдастырылып,жоғары деңгейде өтті.Ертеңгілік барысында ұлттық салт-дәстүрлер,ұлттық әдет-ғұрыптар,ұлттық ойындар,ұлттық әшекейлер,ұлттық құрал-жабдықтар,ат әбзел,тұрмандары туралы тәрбиеленушілерге мағыналы білім берілді.Сонымен қатар,ойын,ән,биде орындалып үлкен әсер қалдырды. 20.03.2023 жылы «Пай,пай қазақтың келіндері-ай!»атты келіндер сайысы ұйымдастырылып,бөбекжай басшысы барлығын арнайы дипломдармен марапаттап,сыйлық берді.