Ресми интернет - ресурсқа қош келдіңіз
Кіру
AA+
xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Ресми интернет - ресурсқа қош келдіңіз
"№ 4 "Самал" бөбекжайы" ЖБҚ МКҚК
Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімі

№4 «Самал» бөбекжайында «9 Мамыр-Жеңіс күніне» орай №6 «Ақкөгершін» мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілеріне қаладағы ардагерлер уйіне,аллеясына саяхат ұйымдастырылды. Саяхат барысында тәрбиеленушілер ардагерлер уйінің ішін аралап,қабырғадағы стендтерді тамашалап, Ұлы Отан соғысының батырлары Мәншүк Маметова,Бауыржан Момышұлы,Алия Молдағұлова,Талғат Бигельдинов аталардың соғыстағы қаһармандығы туралы тәрбиешісі әңгімелеп берді.Ардагерлер уйінде демалып отырған аталарға жеңіс,отан,ата,әке туралы әдемі өлең жолдарын айтып берді. «Ел қорғауға дайынбыз» атты әнін нақышына келтіріп орындап,әр атаға гүл шоқтарын ұсынды.Содан соң мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.Тәрбиешілері Убинова Дидар Нурпеисқызы және Калбаева Алтын Толыбекқызы мәңгілік алау,ескерткіштердің не үшін қойылғандығы  туралы түсінік берді.Сонымен қатар әскери техника танктың жұмысы туралы мәлімет беріп өтті.Саяхат соңында балалар сол шағын ауданда орналасқан мешіттің жанына барып суретке түсіп, әдемі табиғат көрінісін тамашалады. №4 «Аққу» ересек тобының тәрбиешісі Эрмухаммедова Асия Асанқызы да топ балаларына әскери әдемі киім кигізіп,ертеңгілік ұйымдастырды.Бұл кереметтей саяхатты бөбекжай басшысы Ожахаева Айтбиби Бакеновна  ұйымдастырды.Тәрбиеленушілеріміз көңілді әсермен келді.

Ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

Баршаңыздың дендеріңізге-саулық, шаңырақтарыңызға-шаттық, бақ пен береке тілейміз!

Ізгі тілекпен: №4 «Самал» бөбекжайы.