№4 «Самал» бөбекжайында 8-наурыз Халықаралық әйелдер-қыздар мерекесіне орай жасақталған арнайы жоспар бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды.Бөбекжай басшысы А.Б.Ожахаева ұжымды,ата-аналарды,тәрбиеленушілерді құттықтады.Барлық топтарда мерекелік ертеңгіліктер жүргізіліп,басшы атынан қызметкерлер алғыс хатпен марапатталды.8 наурыз — жылдың ең аяулы, жарқын және тамаша күні! Құрметті арулар, шаңырақтарыңыз бен өмірлеріңіз жылулыққа толы болсын. Табиғаттың әсемдігі шабыт берсін. Көктемнің басы өмірлеріңіздегі өте қалаулы және әдемі оқиғаның бастамасын білдірсін!