Ресми интернет - ресурсқа қош келдіңіз
Кіру
AA+
xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Ресми интернет - ресурсқа қош келдіңіз
"№ 4 "Самал" бөбекжайы" ЖБҚ МКҚК
Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімі

№4 «Самал» бөбекжайында

25 Қазан Республика күніне орай «Менің Отаным-Қазақстан» атты арнайы жоспар бойынша мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. ​№4 ересек тобында«Жасай бер,менің Республикам!»,​№5 ересек тобында «Қазақстан-алтын бесігім» атты ертеңгіліктер өткізілді.,№6 МАД тобында «Қазақстаным-туған елім» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.Мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті. Сонымен қатар ата-аналар арасында да «Гүлдей бер-Қазақстаным!» көрме байқауы ұйымдастырылып олардың үлкен дайындықпен келгені байқалды осылайша жұмыстар өткізе отырып ата-анаменде ынтымақтастықты нығайту жолға қойылған.Бөбейжай тәрбиенушілері арасында «Жайна, жаса, мәңгілік,

Қазақстан» тақырыбында суретшілер сайысы ұйымдастырылды. Бұл байқау мақсатында бүлдіршіндердің өз отанына деген ыстық сезімі,яғни менің отаным деп жүрегі соғатын болашақтың тұтқасын ұстар ізбасарлардың өсіп келе жатырғаныда байқалғаны анық.»Алға,Қазақстан!» спортшылар жарысы ұйымдастырылды. Жарыста бүлдіршіндерімізді салауатты өмір салтын ұстануға және шымыр болуға белсенділік танытты! №1,2,3 ортаңғы топтарда «Менің Қазақстаным!» тақырыбында кешенді оқу іс-әрекеті өткізілді. «Республикам-алтын қазынам» тақырыбында педагогтер арасында эссе жазу байқауы өткізілді.Мерекелеріңіз құтты болсын! Ашық аспан жарқын болашақ тілейміз! «№4 «Самал» бөбекжай ұжымы.