Ресми интернет - ресурсқа қош келдіңіз
Кіру
AA+
xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Ресми интернет - ресурсқа қош келдіңіз
"№ 4 "Самал" бөбекжайы" ЖБҚ МКҚК
Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімі

№4 «Самал» бөбекжайында «Күз ханзадасы» және «Күз ханшайымы-2022» байқауы өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Бүлдіршіндеріміз алдын-ала дайындалған шарттар бойынша ,,Мен өскенде кім боламын!” тақырыбында өзін-өзі таныстырып өтті.»Мен болашақтың ірге тасын қалаушы” тақырыбында логикалық сұрақтарға толық жауап бере алды.,,Өнерің өрге жүзсін!”атты бөлімде де тәрбиенушілердің үлкен дайындықпен келгені көрінді, атап айтатын болсақ,би билеп,ән айтып ,мәнерлеп оқуда да өлеңді нақышына келтіріп орындады. ,,Он саусағынан бал тамған” атты алдын-ала үйге берген тапсырманы да жауапкершілікпен орындағаны байқалды. Қолөнерді де тақырыпқа сәйкес дайындаған екен. ,,Мен анамның көмекшісімін” атты бөлімінде де үйден күзге арналған тағамдар дайындап келіп, барлық бала өз жұмыстарын ата-аналармен қорғады.Бұл көрініс өте әдемі болды.Байқау соңында ,,Сұлу күз сыйы”атты киім үлгісі бөлімінде балалардың ата-аналардың көмегімен дайындаған киім үлгісінен үлкен әсер алдық.Бұл байқау барысында бөбекжай ұжымы мен ата-аналардың қатты ынтымақтастықта жұмыс жүргізетіндігі аса байқалды.Бөбекжай басшысы Ожахаева Айтбибі Бәкенқызы байқауды қорытындылай келе, барлық баланы назардан тыс қалдырмай, әр баланы арнайы дипломмен марапаттап,сыйлықтар табыс етті.Күз мерекелі, берекелі болсын, ағайын!

№4 «Самал» бөбекжай ұжымы.