Бұл күн – ата-бабаларымыздың арманын жүзеге асырған, егемендіктің символы. № 4 «Самал» бөбекжайындағы кішкентай бүлдіршіндерімізге отансүйгіштік сезімін ұялату мақсатында, №4 «Аққу» ересек тобында тәрбиеші Калбаева Алтын Толыбековна 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік болашақтың кепілі» атты тақырыптық ұйымдастырылған іс-әрекет өткізді.
