Байқауға бөбекжай ересек және мектепалды даярлық топтарының тәрбиеленушілері қатысты. Байқаудың мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, отан сүйгіштікке тәрбиелеу, туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру. Байқау жеңімпаздары Бас жүлде, I, II, III орындар бойынша анықталды. Жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды. Барлық қатысқан балаларға алғыс хат пен сыйлықтар берілді.
