№4 «Самал» бөбекжайында 1 Мамыр-Қазақстандағы халықтар ынтымақтастығы күніне орай «Қазақстан-достық мекені»атты фестиваль өтті. Фестивальге бөбекжай ұжымы және барлық балалар,ата-аналар қатысты.Фестиваль барысында өзге ұлт өкілінің сәлемдемесін,өнерін,қолөнерін,көрсетті.Барлық топ тәрбиеленушілері,ата-аналары,жоғары дайындықпен келген.Өздерінің шығармашылығы,жан-жақты білімі мен өнері үшін бөбекжай басшының арнайы дипломдарымен марапатталды.Еліміз тыныш,аспанымыз ашық,бейбіт өмір тілейміз!Игі тілекпен:Бөбекжай ұжымы!