25 желтоқсан психологтар күнімен құттықтаймыз!!Еліміздің болашағы жас ұрпақ десек, олардың жеке тұлға болып қалыптасуы үшін психология ғылымының, педагог-психолог маманының алатын орны ерекше. Бала жанының саулығы жолында атқарып жатқан жұмыстарыңыз әрдайым жемісті болып, еңбектеріңіз жана берсін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке ұяласын!
№4 «Самал» бөбекжайы ұжымы атынан Табылдиева Қазына Дуйсенғалиқызына құттықтау
№4 «Самал» бөбекжайында «Жаңа жыл-2023» мерекесіне орай арнайы жоспар бойынша ата-аналар арасында «Жаңа жыл қызықтары» тақырыбында көрме ұйымдастырылып,
бөбекжай басшысы Ожахаева Айтбиби Бакеновна арнайы дипломдармен марапаттады.Бөбекжай бүлдіршіндеріне арналып ертеңгіліктер ұйымдастырылды.Ертеңгілікке ата-аналар қатысып,бөбекжай қызметкерлеріне алғыс білдірді.Ұжым ішінде жыл бойы аянбай еткен қызметкерлер де марапатталды.Ұжым арасында «Ең әдемі безендірілген топ», «Ең қызықты ұйымдастырылған ертеңгілік», «Ең сүйкімді кеш», «Жыл үздік тәрбиешісі», «Жыл еңбекқор маманы», атты байқаулар өткізіліп,бөбекжай басшысы Ожахаева Айтбиби Бакеновна мен кәсіподақ ұйымының төрайымы Калбаева Алтын Толыбековна дипломдармен марапаттап,арнайы сыйлықтар табыс етті.Жаңа жыл жақсылығымен келгей!!!