«№4 «Самал» бөбекжайында» 1 Маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік шараны Табылдиева Қазына Дуйсенғалиқызы жүргізді.Бөбекжай тәрбиеленушілері ән айтып,би билеп,өлең-шумақтарын айтты.Ата-аналар арасында «Балаларға базарлық» атты қолөнер байқауын К.Б.Лукпанова»Велосипедшілер жарысы»атты байқауын Б.К.Нурлыбаева, «Әрқашан күн сөнбесін!»атты асфальтқа сурет салу байқауын Г.Б.Чаудырова жүргізіп,бөбекжай басшысы Ожахаева Айтбиби Бакеновна барлық балаларды,ата-аналарды марапаттап, барлық балаға бөбекжай атынан мерекелік сый тарту етті.
Балалар мен ата-аналар керемет көңіл-күйде болды.Мерекелік шара өте қызықты өтті. Мерекелеріңіз құтты болсын! Ашық аспан,жарқын болашақ тілейміз! «№4 «Самал» бөбекжай ұжымы!