Ресми интернет - ресурсқа қош келдіңіз
Кіру
AA+
xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Ресми интернет - ресурсқа қош келдіңіз
"№ 4 "Самал" бөбекжайы" ЖБҚ МКҚК
Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасындағы және үлгілік оқу жоспарындағы енген өзгерістерді өз ісінде ұтымды қолдану үшін «№4 «Самал» бөбекжайында мамандар арасында тәжірибе алмасу жұмыстары өз жалғасын табуда. №1 топ жас маман тәрбиешісі Кадырханова Жайнасн Асылбековна «Үй құстары» тақырыбында іс-шараны әдемі,көрнекі,үлестірмелі құралдарды дұрыс қолдана отырып,ойын түрінде өткізіп,үй құстарын ататып,ажыратуды үйретті. №3 топтың тәрбиешісі Дуйсенбаева Гульнар Дуйсенбаевна «Үй жануарлары» тақырыбын ашу үшін ойын өткізіп, «қора»,«астау»,«лақ»,«қозы»,«бота»,«құлын»,«бұзау» сөздерімен сөздік жұмыс жүргізді.Балалар жаңа сөздерді ойын арқылы жадында сақтайтыны сөзсіз! Сондықтан, үйретілген жаңа сөзді қайталатып,мән-мағынасын түсіндіріп отыру-әр педагогтің міндеті екенін ұмытпаған абзал. №4 ересектер тобының тәрбиешісі Эрмухаммедова Асия Асанқызы өткізген іс-әрекетінде қыс мезгіліне еніп кеткендей күй кештік! Себебі,іс-әрекет құрылымы өте мазмұнды болды.Тіптен,соңында мұзбен тәжірибе жүргізіп,балалар мәз-мейрам болды. Бөбекжай педагогтері өз ұсыныс пікірлерін айтып,ойын бөлісіп,іс-әрекеттерді жаңаша өткізуді қолға алғаны бүгінгі іс-әрекеттерден көрініп-ақ тұрды! «Самал» бөбекжайының педагогтері! Шығармашылығыңыз асып-таси берсін!