Ресми интернет - ресурсқа қош келдіңіз
Кіру
AA+
xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Ресми интернет - ресурсқа қош келдіңіз
"№ 4 "Самал" бөбекжайы" ЖБҚ МКҚК
Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімі

Әрбір баланың қоғамдағы өз орынын табуына, өзіндік ой пікір қалыптасқан, кез келген уақытта мәселенің, шешімін таба алатын салауатты да, сауатты жеке тұлға болып қалыптасуына бөбекжай ұжымы өз үлесін қосуда. 2024 жылғы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы өзгерістер мен басым бағыттарын назарда ұстай отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды оқу-бағдарламасының міндеттерін игеру мақсатында оқу-тәрбие жұмыстарын жан-жақты өткізу үшін бөбекжайдың педагогикалық ұжымы үлкен ізденіс үстінде. Олар тәрбиеленушілерге саналы тәрбие мен сапалы білім беру үшін іс-әрекеттерді көрсету, іс-тәжірибелермен бөлісу арқылы ғана қол жеткізетінін түсінді. Сондықтан,тәжірибелі ұстаздар жас мамандарға кіріктірілген іс-әрекетті балалармен ойын түрінде өткізу методикасын көрсетуді жөн көрді. Бұл жұмыстарды бөбекжаймыздың тәжірибелі басшысы Жанбосынова Лаззат Сауирбаевна ұйымдастырып, арнайы жоспар, кесте құрып, педагогтерге жеке- жеке кеңесін беріп, әдістемелік көмек беруде. Бөбекжайымыздың тәжірибелі педагогтары Убинова Д.Н, Ещан А.Б, Жылқыбаева А.А жас мамандар балаларға педагогтің өз түсіндіруіне көп уақыт бөлмей, балаларды шаршатпай, жалықтырмай, түсіндіруді балалардан өз бетінше ой елегінен өткізіп, сұрақтарға жауап табуына, қолмен жасап, зерттеп, шешім шығаруына мүмкіндік беру арқылы ғана нәтижеге жететіндерін түсінді. 2024 жылдың қыркүйек айының 2 –ші жұлдызында балалар жадыраған жазды аяқтап, жомарт күздің алғашқы күні 1-қыркүйек білім күні мерекесіне орай топ тәрбиешілері тақырыптық ұйымдастырылған іс-әрекеттерін өткізді. Бұл ата-аналар үшін де,балалар үшін де,тәрбиеші үшін өте қуанышты күндердің бірі. Жаз бойы демалған оқушылар үлкен сағынышпен мектептеріне оралып жатса, балабақша балалары да өз жастарыңа лайықты білім алып, тәрбие алып жүр. Білімге талпынған балапандар қанаттарың қатая берсін!